ҚР Чех Республикасындағы Елшісі Оңтүстік Моравия аймағының губернаторымен кездесу өткізді

Әңгіме барысында қазақстандық дипломат губернаторды Қазақстанның қазіргі әлеуметтік-экономикалық дамуымен таныстырып, ҚР Үкіметінің республикадағы инвестициялық климатты жақсартуға бағытталған шаралары туралы мәлімет берді. Өз кезегінде, губернатор чех тарапының Қазақстанмен ұзақ мерзімдік аймақаралық қатынастар орнатуға қызығушылығын танытты. Оның пікірінше, бұған Қазақстанның Орталық Азиядағы жетекші орындарға шығуға мүмкіндік берген экономикасының қарқынды дамуы мен республикадағы саяси тұрақтылық себепкер болды. Бұның негізінде, М.Гашек өзінің келер жылы Қазақстанға ресми сапар жасау мүмкіндігін қарастыру жөнінде жоспарымен бөлісті, сапарға аймақтың машина жасау, ауыл шаруашылығы және химия өнеркәсіптерінде жұмыс істейтін ірі кәсіпорындар өкілдерінен тұратын бизнес-делегация қатысуы мүмкін.
Чех Республикасының Оңтүстік Моравия аймағы елдің ең ірі өңірлерінің бірі болып табылады. Оның орталығы - маңызды экономикалық және әкімшілік орталығы болып табылатын - Брно қаласы. Аймақтағы кәсіпкерлік субъектілердің көпшілігі компьютер технологиясы және телекоммуникация салаларында қызмет атқарады.