ҚР-да шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидалары бекітілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ішкі істер министрінің бұйрығымен шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстанда уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидалары бекітілді
None
None

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бұйрығы

Астана қаласы 2015 жылғы 4 желтоқсан №992

Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы

«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 10) тармақшасына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы департаменті:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары поли- ция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр полиция генерал-полковнигі Қ.ҚАСЫМОВ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №992 бұйрығымен бекітілген.

Соңғы жаңалықтар