ҚР ДСӘДМ басшысы ЮНЭЙДС атқарушы директоры Мишель Сидибеге ҚХА медалін тапсырды

Сондай-ақ арнайы өкіл Гайк Никогосян арқылы дәл осындай төсбелгіні ДДСҰ Еуропа бюросының аймақтық директоры Жужанна Жакабқа табыстауды өтінді.
Бұл туралы ҚР ДСӘДМ баспасөз қызметі хабарлады.
«Биылғы жылы Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл толады. Өткен жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аталып өтілді. Біздің елде құрылған және еліміздің Президенті басқаратын ҚХА қоғамдығы тұрақтылықты және елімізде өмір сүріп жатқан барлық этностардың өзара іс-қимылын қамтамасыз етіп отырған ұйымдардың бірі», - деді Т.Дүйсенова марапаттарды тапсыру барысында.
ҚР ДСӘДМ басшысы ЮНЭЙДС-пен одан әрі ынтымақтастыққа сенімін білдірді.
Министр АИТВ/ЖИТС-тің таралуы бойынша ескертуге бағытталған ортақ шараларды жүзеге асыру барысында Қазақстанға көрсеткен көмек шаралары үшін ЮНЭЙДС өкілдеріне, сонымен бірге, денсаулық сақтау мәселелері жөнінде консультациялық көмегі үшін ДДСҰ Еуропалық бюросына алғыс білдірді.