ҚР-дың Эр-Риядтағы Елшілігінде балалар суреттерінің байқауы мен «Жеңімпаздар ұрпақтары» фотокөрмесі өтті

АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат - Эр-Рияд қаласында, Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 67 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты қабылдау өтті, деп хабарлады ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен.
None
None

Өзінің алғы сөзінде ҚР Елшісі Бахтияр Тасымов жиналғандарды Жеңіс күнімен құттықтап, мерекенің бүкіл әлем үшін тарихи маңыздылығын атап өтті.

Одан кейін ТМД елдеріндегі дипломатиялық өкілдіктердің басшылары сөз сөйлеп, Ұлы Жеңістің бұрынғы КСРО елдерінің халықтары үшін маңыздылығы мен кейбір шетелдік мемлекеттер тарапынан Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындыларын қайта қарастыру талпыныстарының ретсіздігін атап өтті.

Шараға елде уақытша жүрген қазақстандық азаматтар, сауд астанасында аккредиттелген дипломатиялық корпустың өкілдері және БАҚ қатысты.  

Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күнін тойлауға байланысты Елшілікте мерекелік концерт беріліп, балалар суреттерінің байқауы және «Жеңімпаздар ұрпақтары» фотокөрмесі өткізілді.

Байқау жеңімпаздары мен көркемөнерпаз балаларға дипломатиялық өкілдіктердің атынан сыйлықтар берілді.

Соңғы жаңалықтар