ҚР Экономика министрлігі БЭК құрамына енуге ниетті елдер үшін параметрлерді атады

АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Мәдина Әбілқасымова Бірыңғай экономикалық кеңістікке (БЭК) кіру үшін қажетті үш елдің параметрлерін атап өтті.
None
None

Бұл туралы ол АЭФ аясында өткен сессия жұмысы барысында айтты.

Ол өз сөзінде БЭК даму тұрақтылығын айқындайтын тәртіп аясында қызмет жасайтын бірыңғай ұстанымдармен қалыптасып отырғандығын сөз етті.

«Параметрлерге тоқталатын болсақ, бюджеттің жылдық тапшылығы елдің ішкі жалпы өнімінің 3 пайызынан аспауы тиіс. Бұдан бөлек, мемлекеттік қарыз ІЖӨ-нің 50 пайызынан жоғары болмауы шарт. Ал орташа жылдық мәндегі инфляция деңгейі барынша төменгі көрсеткішпен БЭК қатысушыларының инфляция деңгейінен 5 пайыздық тармаққа артпауы керек»,-деді ол.

Осы орайда М. Әбілқасымова үш елдің көрсеткіштері аталған параметрлердің барлығын орындап отырғандығын, тек Беларусь мемлекетінде инфляция деңгейі сәл артықтау болғанын сөз етті.

Соңғы жаңалықтар