21:25, 27 Ақпан 2009 | GMT +5
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Қазақстандағы техникалық ынтымақтастық бойынша Германия қоғамы өкілдігінің басшысымен кездесті
АСТАНА. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстандағы техникалық ынтымақтастық бойынша Германия қоғамы өкілдігінің басшысы Райнер Гертцпен кездесті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесу наурыздың 11-і мен 12-сіне жоспарланған «Жаһандық тәуекелдер жүйесіндегі Еуразиядағы экономикалық қауіпсіздік» тақырыбындағы ІІ Астана экономикалық форумына арналған. Б.Сұлтанов Гертц мырзаны осы форумның Еуразия ғалымдарының клубы базасында өткізілетінін хабарлады. «Бұл зерттеуші-ғалымдарды, экономистерді біріктіретін әлемдегі жалғыз ғана клуб», ? деді министр Б.Сұлтанов. «Клубтың белсенді қатысушыларының қатарында неміс ғалымдарының да бар» екендігін сөз орайында тілге тиек етті.Райнер Гертц Германия қоғамы өкілдігінің ІІ Астана экономикалық форумына қатысатынын айтты.