ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде ведомство басшылары Moody`s investors service сарапшыларымен кездесті

АСТАНА. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат – Осы аптада ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Ғалымжан Пірматов Moody`s investors service рейтингтік агенттіктің сарапшылары Джонатан Шифермен және Энтони Томаспен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Осы кездесуге, сонымен қатар, қазақстандық тараптан ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсететін JP Morgan бас консультанты Беатриз Мерино ханым қатысты.Министрлікте түсіндіргеніндей, кездесу Moody`s өкілдерінің Қазақстанға жасайтын жыл сайынғы сапары аясында өтті. Кездесуде вице-министр Ғ.Пірматов Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы түсініктеме берді, сондай-ақ елдегі ағымдағы экономикалық жағдайға шолу бойынша ақпараттық материалдардың таныстырылымы болды.Moody`s сарапшыларының Қазақстанға жасаған сапары аясында Астанада ҚР Премьер-Министрімен, ҚР Қаржы министрлігінің, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ бірінші басшыларымен және басқа да лауазымды тұлғалармен кездесуі өтіп, сарапшылар оларды қызықтырған мәселелерге жауап алды.Ал наурыздың 4-інде Moody`s өкілдері Алматыда Ұлттық Банктің, Қаржылық қадағалау агенттігінің және «ТұранӘлемБанк» АҚ басшыларымен елдің қаржы секторын дамыту мәселелерін талқылау үшін кездескен болатын.
Соңғы жаңалықтар