ҚР Елшісі Араб мемлекеттері лигасында біздің елдің тұрақты өкілі ретінде бекітілді

  АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат - Араб мемлекеттері лигасының Бас хатшысы штаб-пәтері Каирде орналасқан Қазақстанның Египет Араб Республикасындағы Елшісі Бахтияр Тасымовтың біздің елдің Араб мемлекеттері лигасындағы тұрақты өкілі ретінде ресми тағайындалғаны туралы Ұйымға мүше-мемлекеттермен қажетті келісу ресімдерінің аяқталғанын мәлім етті (2009 жылғы №7072 қарар),
None
None

 деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

 Бұл қадам араб мемлекеттерінің Қазақстанмен саяси ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға және кеңейтуге ұмтылып отырғанын айғақтайды. Ұйымға мүше-мемлекеттер Қазақстанға Орталық Азия аймағында танылған көшбасшы және әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастықта перспективалы әріптес ретінде қарайды.

Соңғы жаңалықтар