ҚР елшісі Асқар Тәжиев Норвегия Королі V Харальдқа сенім грамоталарын табыс етті

АСТАНА. 4 қараша. ҚазАқпарат - Осло қаласында Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Тәжиев Норвегия королі V Харальдқа сенім грамоталарын табыс етті.

ҚР елшісі Асқар Тәжиев Норвегия Королі V Харальдқа сенім грамоталарын табыс етті

Ресми салтанат барысында король қазақстандық дипломатты тағайындаумен құттықтай отырып, кәсіби дипломатиялық салада табыстар тіледі. Бұл ретте, мемлекетіміздің даму перспективаларын жоғары бағалай отырып, ол Осло қаласында Қазақстан Елшілігінің мәртебесінің күшеюіне байланысты ризашылығын білдірді.

Өз кезегінде, ҚР Елшісі норвегиялық монархты Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде ақпараттандырып, екіжақты ынтымақтастықтың, соның ішінде ғылыми-технологиялық, білім және т.б. салалардың нығаюының мүмкіндіктерін атап өтті.

Норвегияның мәдениет және спорт салаларын дамыту бойынша әр түрлі қорларды басқарып жүрген король Харальд Қазақстанның тарихи мұрасының бай екендігі туралы және Астананың 2022 жылы XXIV Қысқы Олимпиада ойындарын өткізуіне берген өтініміне байланысты ақпаратты қызығушылықпен қабылдады.