ҚР Елшісі Б.Ордабаев Чили Президенті М. Бачелеттің ұлықтау рәсіміне қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасы мен Чили Республикасындағы Елшісі Бақытжан Ордабаев ҚР Үкіметі атынан Чили Республикасының Президенті Вероника Мишель Бачелет Херианың ұлықтау рәсіміне қатысты. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
None
None

Билікті тапсыру және ант беру рәсімі ел парламентарийлерінің, шетелдік жоғары дәрежедегі қонақтар мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Чилидің Ұлттық Конгресінде өтті.

Б.Ордабаевтың Чилидің бұрынғы Президенті С.Пиньерамен және жаңа сайланған Чили Республикасының Президенті М.Бачелетпен протоколдық кездесулері өтті.

С.Пиньера билікті тапсыру рәсіміне қатысқаны үшін Елші Б.Ордабаевқа алғысын білдірді. Ол ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың Чилиге өткен жылғы ресми сапары мен Елшінің тағайындалуы дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастықта құрылған екіжақты қатынастар тарихындағы маңызды оқиға екенін атап өтті.

Ұлықтау шарасы шеңберінде өткен қысқа кездесу барысында жаңа сайланған Чили Президенті М.Бачелет қазақстандық Елшіге өзінің осы лауазымға отыруы бойынша ресми шараларға қатысқанына алғысын білдірді.

Б.Ордабаев Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың атынан президенттік сайлауда жеңіске жетуіне байланысты М.Бачелетке жолдаған құттықтау хатын тапсырып, Қазақстан Чилимен екіжақты диалогты одан әрі дамытуды жалғастыратынын айтып кетті.

Чили Президенті қазақстандық-чилилік қатынастардың жылы және достық белгіде дамып, екіжақты ынтықмақтастықты дамытудағы бұрынғы бағыт өз жалғасын табатынын атап өтті.

Сонымен қатар, Сантьяго қаласына сапары шеңберінде Б.Ордабаев Чилидің жаңа Сыртқы істер министрі Эральдо Муньоспен, жаңа Ішкі істер және әлеуметтік қауіпсіздік министрі Родриго Джулиан Пенайлилло Брисеньомен, Шетелдік инвестициялар жөніндегі комитеттің вице-президенті Карлос Деттлефпен кездесті.

Чили тарапының өкілдерімен өткен кездесулерде саяси, экономикалық және инвестициялық салалардағы өзара іс-әрекетті кеңейтуге қатысты мәселелер талқыланды.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, қазақстандық дипломат сұхбаттастарына ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандық жол-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен 2014-2020 жылдарға арналған ҚР Сыртқы саясат Тұжырымдамасының кітапшаларын тапсырды.

Соңғы жаңалықтар