ҚР Елшісі Қ. Лама Шариф ИДБ президенті М. Алимен кездесті

ДЖИДДА. Ақпанның 14-і. ҚазАқпарат – Кеше Қазақстан Республикасының Елшісі Қайрат Лама Шариф Ислам даму банкінің (ИДБ) президенті Мохаммед Алимен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жүздесудегі негізгі мәселе Ислам даму банкі басшысының Қазақстанға алдағы уақыттары жасайтын сапары және ағымдағы жылғы наурызда «Жаһандық тәуекелдер жүйесіндегі Еуразияның экономикалық қауіпсіздігі» деген тақырыпта өтетін екінші Астана экономикалық форумына қатысу болды.Сұхбаттасу барысында қазақстандық дипломат М.Алиді ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Дағдарыстан шығудың кілті» деп аталатын мақаласымен таныстырды. Мақала банк басшысының айтарлықтай қызығушылығын туғызды, қазақстандық лидердің бастамалары оған ауқымды болып көрінді.
Соңғы жаңалықтар