ҚР Елшісі Қ.Сарыбай Австрия Федералдық президенті Х.Фишерге сенім грамотасын тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы 14 наурызда «Хофбург» сарайында Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Сарыбайдың Австрия Республикасының Федералдық президенті Хайнц Фишерге сенім грамотасын тапсыру салтанаты болып өтті.
None
None

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлайды.

Сұхбат барысында қазақстандық дипломат Австрия басшысына ҚР Президенті Н.Назарбаевтың сәлемін жеткізді. Өз кезегінде Х.Фишер мырза Қазақстан көшбасшысының жылы лебіздеріне ризашылығын білдіре келе, Қазақстан-Австрия қарым-қатынасының дамуына үлкен маңыз беретінін атап өтті. Сауда-экономикалық байланыстың табысты өрбуін белгілей отырып, ол бұл саланың зор әлеуетіне назар аударды.

ҚР Елшісі Қазақстан Альпі республикасының жасыл технологиялар, құрылыс және туризм салаларындағы үздік жетістіктерін есепке ала отырып, аустриялық инвестициялардың ұлғайтылуына мүдделі екенін атап өтті. Қ.Сарыбай Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрме австриялық компаниялардың белсенді қатысуына тиімді алаң бола алатынын мәлім етті.

Қазақстан Республикасы мен Австрия Республикасы арасындағы ғылыми және мәдени алмасымдардың нығайту маңыздылығы тілге тиек болып, өзара әрекеттердің барлық салаларындағы екіжақты байланыстардың келешек кеңейтілуі мен тереңдетілуіне тараптардың мүдделілігі атап өтілді.

Сұхбат соңында Австрияның Федералдық президенті Х.Фишер Президент Н.Назарбаевқа өзінің ізгі тілектерін жеткізіп, Елшіні лауазымдық міндеттеріне ресми кірісуімен құттықтады.

Соңғы жаңалықтар