ҚР елшісі мен Амман мэрі Қазақстан мен Иордания арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - 25 қаңтарда Қазақстанның Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Болат Сәрсенбаев Амман қаласының мэрі Абдельхалим әл-Кайланимен кездесті.

ҚР елшісі мен Амман мэрі Қазақстан мен Иордания арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Сұхбат барысында Қазақстан мен Иордания арасында, атап айтқанда екі ел астаналары - Астана мен Амман арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарланды ҚР СІМ баспасөз баянында.

Тараптар екі мемлекет арасындағы достас қатынастардың дамуында ҚР Президенті Н.Назарбаев пен Король Абдалла ІІ арасындағы сенімді байланыстардың жоғары рөлін атап өтті.

Баршаға белгілі, Астана мен Амман - бауырлас қалалар. Корольдік астанасының орталық көшелерінің біріне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілген. Астанада қазіргі монархтың әкесі - Король Хусейн атындағы көше бар.