15:58, 02 Ақпан 2009 | GMT +5
ҚР Елшісі Пәкістан қаржы министрлігі мен ЮСАИД құрған қор басшысымен кездесті
ИСЛАМАЬБАД. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат – Исламабадта Қазақстан Республикасының Елшісі Бақытбек Шабарбаев Бәсекеге қабілеттілікті арттыру қорының басшысы Артур Байханмен кездесті.

Бұл қорды Пәкістан қаржы министрлігі мен АҚШ-тың ЮСАИД халықаралық даму агенттігі сыртқы сауданы ұлғайту және шетелдік инвестициялар ағынын арттыру үшін құрған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кездесу барысында Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы сауда байланыстарының әлеуеті зор екендігі аталып өтті. ҚР Елшісі оны дамыту Қазақстан мен Пәкістанның ғана емес, аймақтың барлық мемлекеттерінің мүдделеріне сай келеді деп атап көрсетті. Б.Шабарбаев аймақаралық ынтымақтастықты дамытуды қолдай отырып, ҚР Үкіметінің әлемдік қаржы дағдарысының салдарын еңсеру жөніндегі қолға алып жатқан шаралары туралы хабардар етті.А.Байхан орталықазиялық елдермен, соның ішінде Қазақстан Республикасымен сауда қарым-қатынастарын ұлғайту мүмкіндіктері туралы айтты. Қор теңіз және жеміс-көкөніс өнімдерін өндіруге қолдау көрсетеді, ол қазақстандық нарыққа экспортқа шығарылуы мүмкін. Бүгінгі таңда Пәкістанда екі арнайы экономикалық аймақ құру жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Жаңа өндірістер құру үшін оған қажетті барлық инфрақұрылымдар тартылады, бұл жобаға қазақстандық іскер топтар да қатыса алады. Арнайы экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорындар 15 жыл салық төлеуден босатылады.