ҚР Елшісі Сан-Маринодағы капитан-регенттерді тағайындау рәсіміне қатысты

2013 жылғы 1 қазанда Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы, Сан-Марино және Мальтадағы қосымша қызмет атқаратын Елшісі Андриан Елемесов Жан-Карло Капиччони және Анна Мария Муччолидің Сан-Марино Республикасының капитан-регенттері лауазымына тағайындау рәсіміне қатысты. Сан-Мариноның Бас кеңесі капитан-регенттерді 6 айға сайлайды және әдетте қарама-қарсы партияға жатады.
Сан-Маринода жылына екі рет (1 сәуірде және 1 қазанда) өтетін лауазымға тағайындау рәсімі тек ерекше салтанаттылығымен ғана емес, сонымен қатар бірнеше ғасыр бойы жиналып келе жатқан хаттамаға сәйкес қиындығымен де ерекшеленеді. Билікті табыстау рәсімі Валлони палаццода елдің дипломатиялық және консулдық корпустарының, елдің көрнекті саясат және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен өткізіледі. Бұл жолғы салтанаттағы ресми шешен Лихтенштейн князьдығының Сыртқы істер министрі Аурелия Фрик болды.
Рәсім аяқталғаннан кейін қазақстандық дипломатиялық өкілдік басшысы Сан-Марино капитан-регенттері Жан-Карло Капиччони және Анна Мария Муччолимен әңгіме-дүкен құрды, осы әңгімелесу барысында екі ел ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды. Сан-Марино басшылығы сыртқы саяси өзара іс-қимыл, сауда-экономикалық ынтымақтастық, туризм, мәдениет және өнерді қоса алғанда, түрлі секторлардағы екіжақты байланысты белсендендіруге қызығушылығын білдірді.