ҚР Эр-Риядтағы Елшілігі Сауд Арабстанында тұратын қазақстандықтардың санағын аяқтады

АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Эр-Риядтағы Елшілігі Сауд Арабстаны Корольдігінде тұратын қазақстандықтардың санағын аяқтады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қазіргі уақытта осы елде 215 адам бар, олардың ішінде 45 студент теология жоғары оқу орындарында оқиды. Қазақстан үшін осы маңызды іс-шараға қазақстандық азаматтардың шынайы мүдделілік танытуы және белсене қатысуы олардың біздің еліміздегі өтіп жатқан ішкі саяси үдерістерге қатысты болуға және жүргізіліп отырған әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге қолдау көрсетуге деген ұмтылысын танытты.
Соңғы жаңалықтар