ҚР ИДМ: «Бек Эйрді» қолдау бойынша үндеудегі сома шындыққа жанаспайды

Аудиторлық ұйымдарға төленген IOSA аудитінің құны 2015 жылы шамамен 55 мың АҚШ доллары болған. 12 мың долларлық әкімшілік алым IOSA аудитті әкімшілендіру және стандартты дамыту ретінде ИАТА-ға (халықаралық әуе көлігі қауымдастығы) төленіп келген. Осылайша, 67 мың бұл аудитті өтуге қатысты төменгі міндетті төлем болып шығады.
Бұл сома көлемі бекітілген және ИАТА мүшелігіне қатысты емес. Әуекомпаниялар қалауы бойынша қосымша кеңестер алады және стандарттарды енгізуге бақылау жүргізе алады, делінген ҚР ИДМ хабарламасында.
Еске салсақ, жыл басында әлеуметтік желілерде аталған әуекомпаниясының міндетті аудитті өткізуді жою жөніндегі қазақстандықтарға үндеуі пайда болды, яғни онда «арзан» тарифтер кезіндегі тексеру жүргізу үшін 1,5 млн доллар қажет-мыс деп көрсетілген. Нәтижесінде, ақпаратты мұқият зерделемей, тексеріп алмай адамдар әуекомпанияға қолдау білдірген.