ҚР ИДМ машина жасау саласына қажетті мамандықтар тізімін ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА-ның ресми сауалына орай ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті машина жасау саласына қажетті мамандықтар тізімін ұсынды.

ҚР ИДМ  машина жасау саласына қажетті мамандықтар тізімін ұсынды

Ведомствоның ақпаратына қарағанда, Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында машина жасау саласына 6,5 мың маман қажет болады.

Сонымен аталған салаға қажетті мамандықтар тізімі мынадай:

- «жөндеу және сынақтар жөніндегі техник»;

- «электр машиналарының электрмонтаждаушысы»;

- «еңбек қамтымды механизациялар жөніндегі техник»;

- «темір жол-құрылыс машиналарының машинисі»;

- «уату-ұсақтау құрал-жабдықтарының және сұрыптау, байыту құрал-жабдықтарының монтаждаушысы»;

- «мұнай-газ құрал-жабдықтарының монтаждаушысы»;

- «механик»;

- «темір ұстасы;

- «дәнекерлеуші»;

- «жүк және арнайы көліктердің жүргізушісі»;

- «құрал-жабдық операторы»;

- «электомонтаждаушы»;

- «техник-механик»;

- «автомобиль жөндеуші ұста»;

- «шанақ тегістеушісі»;

- «металл қаптамалары және бояу құрал-жабдықтарының жөндеушісі»;

- «ұста-электрмонтаждаушы»;

- «автоматтар мен жартылай автоматтар жөндеушісі»;

- «электрмеханик»;

- «электромонтер»;

- «технологиялық құрал-жабдықтар жөндеушісі»;

- «ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторлар жөндеуші»;

- «жөндеу және сынақтар жөніндегі техник»;

- «электромонтер - релеші»;

- «байланыс аппаратуралары мен құрылғыларға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі электромонтер»;

- «жол машиналар мен механизмдерін жөндеуші»;

- «жерасты электр ұстасы»;

- «тау-кен монтаждаушы».