ҚР ИДМ «Технам 2002» ұшағының апатқа ұшырауына қатысты түсініктеме берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрлігі «Технам 2002» ұшағының апатқа ұшырауына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алдын ала мәліметтер байынша әуе кемесі енді ұшып бара жатып құлаған. Соның салдарынан ұшақ өртеніп, толықтай қирады. Оқиға кезінде онда екі адам болған. Олар: ұшқыш-нұсқаушы мен курсант. Екі адам да қаза тапты. Бүгінгі күні министрлік тарабынан аталған оқиғаны тексеру комиссиясы құрылды. Әуе кемесі апатқа ұшыраған жерде тексеру жүргізуге құзыреті бар өкілетті органдардың өкілдері жұмыс істеп жатыр. Тексеру қорытындысына сәйкес оқиғаның себептері көрсетілген ақпараттар бұқаралық ақпарат құралдарына жеткізілетін болады», - деді БАҚ өкілдеріне ҚР ИДМ Көлік оқиғалары мен қақтығыстарды тергеу департаментінің директоры Жәнібек Тайжанов.
Оның айтуынша, оқиға орын алған кезде ауа райы ұшақтың ұшуына қолайлы болған.
Еске сала кетсек, бұған дейін ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің Фейсбуктегі парақшасында Алматыға жақын маңда «Технам 2002» ұшағы құлап, екі адам қаза тапқандығы туралы хабарланған болатын.
Недалеко от Алматы разбился учебный самолет Tecnam-2002 Академии гражданской авиации. В результате катастрофы погибли два человека @ztb_video