ҚР ИДМ жер қойнауын пайдалану саласындағы аукционға қатысуға өтінімдер қабылдау туралы жариялады

Бұл - әлеуетті инвесторлардың арасынан жеңімпазды анықтау мәселесіндегі ашықтықты қамтамасыз ететін әлемдік тәжірибедегі тетіктердің бірі.
Жеңімпазды анықтаудың негізгі және бірден бір өлшемі - қатысушылардың ішінен мөлшері ең жоғары қол қою бонусын ұсыну. Басқа өлшемдер бәсекелік сауда-саттық өткізу туралы хабарландыруда белгіленген және барлық қатысушылар үшін бірдей. Мұның өзі мемлекетке қол қою бонус ретінде төленуі тиіс соманы ұлғайтуға мүмкіндігі бар аукционға қатысушылардан шамасынша мол қаражат алуға жол ашады, сондай-ақ жеңімпазды таңдаудың барынша ашық жүргізілуін қамтамасыз етеді.
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңында аукционды өткізу мерзімі мен кезеңдері қатаң түрде шектелген, яғни мұның өзі объективті себептерсіз өлшемдер бәсекелік сауда-саттық өткізу қорытындысын ұзаққа созуға мүмкіндік бермейді. Аукционға шығарылатын қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауы учаскелерінің (көп таралған пайдалы қазбалар, көмір мен уранды қоспағанда) тізбесі Инвестициялар және даму министрінің 26.06.2015 ж. № 724 бұйрығымен бекітілген.
Осы тізбе олар бойынша былтыр конкурс өткізілмеген нысандар және ықтимал жер қойнауын пайдаланушылардың өтінімдері бойынша объектілерден қалыптастырылды.
Барлығы 100 объект бекітілді, оның ішінде 27-сі өндіру және 73-і барлау, оның ішінде:
46-сы - алтынға, 5-і - өндіру және 41-і - барлау;
22-сі түсті металдарға, 8-і өндіру және 14-і барлау;
3-і қара металдарға, барлығы да барлау;
10-ы сирек кездесетін металдарға, 5-і өндіру және 5-і барлау;
10-ы кен емес шикізатқа, 6-ы өндіру және 4-і барлау;
1-і алмасты барлауға;
2-і бокситті барлауға;
4-і жерасты сулары бойынша, 2-і өндіру және 2-і барлау;
2-і айшықты тастар барлау.
Аукционды өткізу, сондай-ақ оны өткізудің негізгі талаптары туралы хабарламаны министрліктің ресми сайтында мынадай сілтемеде: http://mir.gov.kz/kk/news/habarlama-kazakstan-respublikasynyn-investiciyalar-zhne-damu-ministrligi-kazakstan-respublikasy орналастырылған.
Аукционға қатысуға өтінімдер беру мерзімі: 2015 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2015 жылғы 1 қазанға дейін. Аукционның қорытындысын шығару 2015 жылғы 3 желтоқсанға белгіленген.