ҚР ІІМ басшысы мен АҚШ-тың уақытша сенімді өкілі жаңа қауіп-қатерлерге қарсы әрекет етудің перспективаларын талқылады

АСТАНА. 31 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Қ.Қасымов пен АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы уақытша сенімді өкілі Джон Ордвеймен кездесуі болып өтті, деп хабарлады ІІМ-нің баспасөз қызметінен.

ҚР ІІМ басшысы мен АҚШ-тың уақытша сенімді өкілі жаңа қауіп-қатерлерге қарсы әрекет етудің перспективаларын талқылады

Тараптар қылмысқа қарсы күрес мәселелері бойынша пікір алмасып, жаңа қауіп-қатерлерге қарсы әрекет етудің бүгінгі жағдайы мен перспективаларын сөз етті.

Министр қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ішкі істер органдарында жүргізіліп отырған реформалар жөнінде хабардар етті.

Кездесуде ынтымақтастықтың оң нәтижелері сөз болып, АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы уақытша сенімді өкілінің есірткі трафигіне қарсы іс-әрекет пен басқа да мүдделер түйіскен салалар бойынша күрес жүргізуге, оқу-тәжірибелік тағылымдамалар мен полиция қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарын өткізуге қосқан үлесі аталып өтілді.

Кездесу соңында министр Дж.Ордвейге кәсіби табыстар тілеп, оның дипломатикалық тұрғыда мол тәжірибесін ескере отырып, екіжақты қарым-қатынастар одан әрі жаңа деңгейге көтеріледі деген сенім білдірді.