18:49, 09 Шілде 2010 | GMT +5
ҚР ІІМ орынбасары Әзірбайжан Республикасы ІІМ-нің Өкілетті өкілі Сафаров Довлят Магомедоглымен кездесті
АСТАНА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Даниел Шайынғазин/ - Ағымдағы жылғы шілденің 9-ында ҚР ІІМ-де Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Амантай Әубәкіровтің Әзірбайжан Республикасы ІІМ-нің Қазақстандағы Өкілетті өкілі Довлят Магомедоглы Сафаровтың тағайындалуына байланысты кездесуі өтті, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

Кездесуге қатысушылар жедел-қызметтік жұмыстың әртүрлі бағыттары бойынша Қазақстан мен Әзірбайжан ішкі істер органдарының ынтымақтастығын одан әрі кеңейтудің келешегі туралы пікірлермен алмасты және өзара іс-қимыл жасасудың жай-күйін талқылады.
Кездесу өзара түсіністік және дәстүрлі құрылымдық диалог ахуалында өтті.