ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Қостанайдың инвестициялық кәсіпорындарын аралады

ҚОСТАНАЙ. 5 қазан. ҚазАқпарат - ҚР вице-премьері, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев бастаған жұмыс тобы Қостанай облысының индустрияландыру картасы аясында жұмыс істеп жатқан нысандарын аралады.
None
None

Министрге жыл соңына дейін индустрияландыру картасының аясында 8 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отырғаны хабарланды, олардың жалпы құны 31,8 млрд теңгені құрайды. Нәтижесінде 828 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады.

Ә.Исекешев салынып жатқан бірқатар зауыттардың құрылысымен танысты және кәсіпорындардың өндіріс алаңдарында, сонымен қатар Қазақстан даму банкі арқылы қаржыландырылатын кәсіпорындарда болды.

Бұл сериялық автокөліктер шығаратын «АгромашХолдинг» АҚ мен SsangYong, Chance иен Peugeot маркалы автокөліктерді шығаруды кәсіп қылатын «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-нің жобалары.

Ә.Исекешев өңдеуші өнеркәсіптің жақсы қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, арматура және машина жасаушы зауыттардың жұмысы өңірге өнеркәсіп өндірісін екі есе ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар