20:51, 03 Наурыз 2009 | GMT +5
ҚР Ішкі істер министрі ЕҚЫҰ-ның стратегиялық полиция мәселелері бойынша бөлімшесінің басшысымен кездесу өткізді
АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінде ведомство басшысы Бауыржан Мұхамеджанов ЕҚЫҰ-ның стратегиялық полиция мәселелері бойынша бөлімшесінің басшысы Кевин Картимен және Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы Александр Кельчевскиймен кездесті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Тараптар ҚР Ішкі істер министрлігі мен ЕҚЫҰ Орталығы арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті, сондай-ақ оны жетілдіру бойынша одан әрі жасалатын қадамдарды белгіледі.Кездесу дәстүрлі өзара түсіністік және сындарлы диалог жағдайында өтті.