ҚР Ішкі істер министрі Қ.Н. Қасымовтың Литва Республикасының Ішкі істер министрі Р. Палайтиспен кездесті

АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат. Литва Республикасының Президенті Д. Грибаускайтеге ілесіп жүруші ресми делегацияның құрамында Литваның Ішкі істер министрі Раймундас Палайтис ағымдағы жылғы 5 мен 7 қазан аралығында Қазақстанға сапармен келді, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР Ішкі істер министрі  Қ.Н. Қасымовтың Литва Республикасының Ішкі істер министрі Р. Палайтиспен кездесті

Сапар барысында Қазақстанның және Литваның Ішкі істер министрлері Реадмиссия туралы үкіметаралы келісімге қол қойды.

Бұл Келісім Тараптар мемлекеттерінің территорияларында заңсыз жүрген адамдарды қабылдау және/немесе транзиттеу кезіндегі олардың өзара әрекет ету тәртібін, шарттарын және нысанын белгілейді.

Ағымдағы жылғы 6 қазанда Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың Литва Республикасының Ішкі істер министрі Раймундас Палайтиспен кездесуі өтті.

Кездесуге қатысушылар ішкі істер органдарының қызметі, қылмысқа қарсы күрестегі және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қазақстандық-литвалық ынтымақтастықты ары қарай дамытудын перспективалары саласындағы кең ауқымды сұрақтар бойынша пікір алмасты.

Кездесу өзара түсіністік пен құрмет ахуалда өтті.