Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы жұмыс бабындағы сапармен Беларуста болды

МИНСК. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат - Қазақстандық және беларус кеден қызметтерінің басшылары кедендік органдардың бірінде ресімделген және олардың кедендік шекаралары арқылы алып өтілген тауарлар мен көлік құралдары туралы электрондық ақпараттармен алмасып отыруға келісті.

ҚР Қаржы    министрлігі   Кедендік  бақылау комитетінің  төрағасы    жұмыс  бабындағы сапармен Беларуста   болды
ҚазАқпаратқа бұл туралы Қазақтанның Беларус Республикасы Елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Бұл шара Қазақстанның Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Кәрбозовтың Беларус еліне сапары барысында сәуірдің 8-інде Минскіде қол қойылған Беларус және Қазақстанның кедендік шекаралары арқылы алып өтілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала мәліметтермен алмасу туралы Белорус Мемлекеттік кедендік комитеті мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі арасындағы хаттаманың негізінде жүзеге асырылатын болады. Қозы-Көрпеш Кәрбозов сапар барысында, сондай-ақ бақылаушы ретінде Қазақстан, Беларус және Ресей мемлекеттері Кеден одағының алқа мәжілісіне қатысты.