Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінде Кеден одағы Кедендік кодексінің таныстырылымы болып өтті

АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінде Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдар үшін Кедендік одағы Кедендік кодексінің таныстырылымы болып өтті,

ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінде Кеден одағы Кедендік кодексінің таныстырылымы болып өтті

деп хабарлайды Кедендік бақылау комитетінінің баспасөз қызметі.

Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Кәрбозов кедендік қызметті жаңарту, оның заңнамалық базасын жетілдіру, халықаралық, оның ішінде Кедендік одақ аясындағы қатынастарды дамыту және тереңдету бойынша жүргізіліп отырған қызметтер туралы әңгімелеп берді.

Кедендік одақ 2008-2010 жылдар аралығында қалыптастырылды. Беларус, Ресей және Қазақстан мемлекеттері басшыларының саяси ерік-жігерлерінің, тараптар үкіметтерінің тиімді жұмыстарының арқасында Кедендік одақ құқықтық базасының негізгі құжаттары әзірленді және қабылданды. 2009 жылдың қаңтарынан бастап ұлттық органдардан жоғары тұрған - Кедендік одақ комиссиясы жұмысқа кірісті.

2009 жылғы қарашаның 27-сінде Минскіде (Беларус Республикасы) Беларус Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының президенттері Кедендік одақтың Кедендік кодексіне қол қойды.

Кедендік кодексті Қазақстан бастаған жұмыс тобы өте қысқа мерзімде даярлап шықты. Әзірлемеге негіз ретінде Қазақстан 2009 жылы ратификациялаған Кедендік рәсімдерді жеңілдету және үйлестіру туралы халықаралық конвенция (Киото конвенциясы) алынды.

Қозы-Көрпеш Кәрбозов өз баяндамасында дипломатиялық топтардың және халықаралық ұйымдардың өкілдерін Комитет жүзеге асырып отырған іс-шаралар туралы хабардар етті. Олардың жүргізілуі кедендік рәсімдерді жеңілдететін болады. Соның нәтижесінде Қазақстан халқына Жолдауында айтылған Мемлекет басшысының тапсырмалары іске асырылады.