ҚР қаржы полициясы агенттігі мен Түркияның ұлттық полициясы ынтымақтастықтың перспективалары жайын талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаржы полициясының академиясында Қазақстан Республикасының қаржы полициясы агенттігінің Түркия ұлттық полициясының басшылығымен кездесуі өтті. Олар мамандарды дайындау саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылауға жиналды, деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.
None
None

Оған ҚР-дың Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Андрей Лукин, ТҰП төрағасының бірінші орынбасары, ТҰП интерпол-европол департаментінің басшысы Рафет Уфук Ондер, ТҰП халықаралық ынтымақтастығы департаменті басшысының орынбасары Мухлис Надир Текин, ТҰП барлау департаментінің бөлім басшысы Хусейн Гюртекин, ТР-дың елшісінің қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Ирфан Озджан, Академия басшысының ғылыми-зерттеу және халықаралық ынтымақтастық жұмысын ұйымдастыру бойынша орынбасары Светлана Арыстамбаева мен академияның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Шара барысында тараптар ҚР мен ТР-дың құқық қорғау органдарына мамандар даярлау саласын дамытудың негізгі аспектілерін сөз етті. Ондағы мақсат - екіжақты қауіпсіздікті күшейтіп, кәсіби ынтымақтастықты дамыту. Осы салада ақпарат алмасуда бірқатар маңызды мәселелер қарастырылды. Құқық қорғау саласында Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше көңіл бөлінді.

Соңғы жаңалықтар