ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы М.Тәжин ҰҚШҰ бас хатшысымен Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің желтоқсанда өтетін кезекті сессиясына әзірлік жайын талқылады
АСТАНА. 20 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Ақорда резиденциясында Президент көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Марат Тәжин ҰҚШҰ Бас хатшысы Николай Бордюжаны қабылдады.
Кездесу барысында үстіміздегі жылғы 15 мамырда өткен ҰҚШҰ мерекелік саммиті нәтижелері туралы пікір алмасу болды. Сондай-ақ Қазақстанның осы Ұйымдағы төрағалығын ескеріп, тараптар ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің желтоқсанда өткізілетін кезекті сессиясына дайындық бойынша еліміздің мемлекеттік органдары мен ҰҚШҰ Хатшылығы жүргізіп отырған жұмыстар барысын талдады