ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Үндістан елшісімен кездесті

АСТАНА.Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат – Бүгін Ақорда резиденциясында ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қайырбек Сүлейменов Үндістанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ашок Саджанхармен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Келіссөздер барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ағымдағы жылғы қаңтар айында Үндістандағы мемлекеттік сапары ауқымында қол қойылған Стратегиялық әріптестік туралы бірлескен декларацияны іс жүзіне асырудың маңызы аталып өтті.Тараптар белсенді диалогты қолдау ниетін білдірді және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында екіжақты ынтымақтастықты өрістету қажеттігін атап көрсетті.
Соңғы жаңалықтар