ҚР қазақстандық астықты Қытайға жеткізуге зор маңыз береді - Ө.Шөкеев
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша, ынтымақтастық комитетінің отырысы барысында тараптар қазақстандық астықты үш миллион тонна көлемінде Қытай аумағы арқылы транзиттеу, сондай-ақ қазақстандық бидайды ҚХР-ға жеткізу мәселелері талқыланды.
«Оңтүстік Корея, Жапония және басқа де елдер қазақстандық бидайға қазірдің өзінде ынта білдіріп отыр. Біздің бидай Шығыс жағалау айлақтарында бағасы жағынан да, сапасы жағынан да бәсекеге қабілетті болып отыр, егер Қытай тиісті транзитке рұқсат берсе, біз бұл елдерге өнімдерімізді жеткізе аламыз», - деп атап өтті А.Күрішбаев.
«Әңгіме 3 млн. тоннаға дейінгі қазақстандық бидайды ҚХР аумағы арқылы транзиттеу туралы болып отыр, жеткізілетін уақыты тиісті ведомстволардың келіссөздерінен кейін белгілі болады», - деп қосты ҚР Ауыл шаруашылығы министрі.
Сонымен қатар, тараптар Қазақстан мен Қытай арасында мал шаруашылығы өнімдері саудасын ілгері жылжыту, сондай-ақ қазақстан-қытай ауыл шаруашылығы технологияларын көрсету орталығын салу жөнінде уағдаласты.
ҚХР Қазақстанның ауыл шаруашылығына, әсіресе соя өндірісіне зор ынта білдіріп отыр. Қытай біздің салаға инвестициялар тартуға, суармалы егістікті дамытуға - соя өндірісін дамытып, кейіннен оны Қытайға экспорттауға мүдделі. Біз сондай-ақ ҚР аумағында егіншілік пен мал шаруашылығы салаларындағы жаңа технологияларды көрсететін арнайы технологиялық орталық ұйымдастыруға, сөйтіп, Қазақстан аумағында Қытайдың озат технологиясын таратуға уағдаластық», - деді