ҚР кен өндіру саласында мемлекет пен инвесторлар жұмысының бағыттарын бөлу маңызды - Мұрат Сайдуақасов

АЛМАТЫ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - ҚР кен өндіру саласында мемлекет пен инвесторлар жұмысының бағыттарын бөлу маңызды, деп мәлім етті IV қазақстандық инвестициялық саммитте ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология комитеті төрағасының орынбасары Мұрат Сайдуақасов.
None
None

Ол кен өндіру саласында циклдік, болжамнан кейін іздестіру, сондай-ақ бағалау маңызды екенін атап өтті. Бұдан кейін кеніштің өндеркәсіптік қорларын анықтау, игеру мүмкіндіктері үшін бпарлау және т.б. жүргізіледі.

Сондықтан да осыған байланысты кеніштерді аймақтық болжамдау, іздестіру және бағалау бойынша жұмыстарды мемлекет қаржыландыруы тиіс, ал барлау жұмыстарын жүргізуге сыртқы инвестицияларды тартуға болады, деп санайды М.Сайдуақасов.

Соңғы жаңалықтар