Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ҚР ҚК әскери қызметшілері АҚШ-тың әскери жоғары оқу орнында білім алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті және Алматыдағы Құрлық әскерлері Әскери институтының «Бейбітшілік үшін серіктестік» оқу орталығының базасында ҚР ҚК әскери қызметшілерінің тіл дайындығы курстары ұйымдастырылды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

ҚР ҚК әскери қызметшілері АҚШ-тың әскери жоғары оқу орнында білім алады

Қазіргі уақытта мұнда 34 адам оқып жүр. Курстар IMED халықаралық тіл бағдарламасы аясында өткізіледі және алты айға есептелінген. Ағылшын тілінің бастапқы деңгейлерін сәтті меңгерген тыңдаушыларға АҚШ-та оқуды жалғастыру мүмкіндігі беріледі. Техас штатының тілдер әскери институты әскери мамандықтар бойынша дифференциялаумен ағылшын тілін тереңдетіп оқытуды ұсынады. ҚР ҚМ Білім және ғылым департаментінің ақпараты бойынша іріктеу жылына екі рет жүргізіледі, тіл курстары әскери қызметшілерге, мәселен, елдің жарақтандыруына түсетін әскери техниканы игеру кезінде қажет. Өткен жылы IMED бағдарламасы бойынша өздерінің ағылшын тілі бойынша білімін 70-ке жуық адам жақсартты. Олардың біршамасы кейін штаттарға оқуға жіберілді. АҚШ-тан басқа, тіл дайындығын жалғастыру үшін әскери қызметшілерге Ұлыбритания, Канада, Үндістан, Пәкістан, Испания және Францияның оқу орындары ұсынылады.