ҚР Мәжіліс делегациясы Біріккен Араб Әмірліктеріне келді

ӘБУ-ДАБИ-ДУБАЙ. ҚазАқпарат - ҚР Мәжіліс депутаттары жұмыс сапарымен Біріккен Араб Әмірліктеріне келді. Делегацияның құрамында Тұрсынбек Өмірзақов (қаржы және бюджет комитеті), Талғат Ерғалиев пен Асхат Бекенов (экономикалық реформа және аймақтық даму комитетінің мүшелері) бар.
None
None

Бүгін қазақстандық парламентарийлер БАӘ Федералдық ұлттық кеңесінің өкілдерімен кездесті. Әмірлік тарапынан кездесуге федералдық ұлттық кеңесінің мүшелері Әбдел Әзиз аз-Зааби мен Маруан бен Галейта қатысты.

Кездесуді ашқан қазақстандық парламентарий Тұрсынбек Өмірзақов ҚР Парламент Мәжілісі делегациясы сапарының мақсаты - БАӘ заң шығарушы кеңесінің тәжірибесімен танысу екенін атап өтті. Т.Өмірзақовтың айтуынша, Әмірліктер экономикада әсерде қалдыратын табыстарға қол жеткізген, Қазақстан оның экономикалық дамуындағы тәжірибесін алуға ниетті. Бұдан басқа, ҚР Президенті Н.Назарбаев Астанадағы қаржы орталықтарын құру кезінде Дубайдың тәжірибесін алу бойынша міндеттер қойған болатын.

Т.Өмірзақов пен депутаттар әмірліктердегі әріптестерінен БАӘ-гі заң шығарушылық процесі, қаржылық-бюджеттік саладағы заңдарды қабылдау ерекшеліктері туралы сұрақтарын қойды.

Дүйсенбі күні ҚР Парламент Мәжілісінің делегациясының «Джебель Әли» еркін-экономикалық аумағы мен «Аджман» АЭА-на баруы жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар