ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас Ассамблеясының 64-інші сессиясы ауқымында бірқатар кездесулер өткізді

АНА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы БҰҰ Бас Ассамблеясының жоғары деңгейдегі 64-інші сессиясының сегментіне қатысуда,

ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас Ассамблеясының 64-інші сессиясы ауқымында бірқатар кездесулер өткізді

деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.  

БҰҰ Бас ассамблеясының жұмысы ауқымында қыркүйектің 23-інде Қанат Саудабаев сыртқы саясат ведомстволарының басшыларымен: Ян Цзечимен (Қытай), Лоренс Кэннонмен (Канада), Марис Риекстиньшпен (Латвия), Мирослав Лайчакпен (Словакия), Самуэль Збогармен (Словения), Грогол Вашадземен (Грузия) кездесулер өткізді.

Мемлекеттік хатшы-министр сондай-ақ Еуропалық комиссияның сыртқы істер бойынша комиссары Бенита Ферреро-Вальднермен, АҚШ президентінің  Ауғанстан мен Пәкістан жөніндегі арнайы өкілі Ричард Холбрукпен, БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Янош Кубишпен келіссөздер жүргізді.

Қытайлық министрмен кездесуде сұхбаттасушылар саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жоғары деңгейін және серпінді дамып отырғанын атап өтті және Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үстіміздегі жылғы сәуір айындағы ҚХР-ға ресми сапары екіжақты ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға қуатты серпін бергенін атап көрсетті.

Еуроатлантикалық кеңістік елдеріндегі әріптестермен кездесулер барысында екіжақты қатынастардың жай-күйімен және перспективаларымен қатар, Қазақстанның осы мемлекеттер қатысушысы болып табылатын Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалыққа әзірлігінің барысы талқыланды. ЕҚЫҰ-ға төрағалық зор жауапкершілік және Қазақстан үшін үлкен сынақ екені, сонымен қатар оның Ұйым жауапкершілігі кеңістігіндегі проблемаларды шешуге елдің өз үлесін нақты істерімен қосуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Қ.Саудабаев сол күні АҚШ Президенті Барак Обаманың атынан делегация басшылары құрметіне жасалған қабылдауға қатысты. Әңгіме барысында Қ.Саудабаев Ақ үй басшысына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шынайы тілектерін жеткізе отырып, Қазақстанның Құрама Штаттармен стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуды жақтайтынын қуаттады. Сондай-ақ АҚШ Президентінің БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзіндегі осы заманғы проблемаларды шешу проблемалар жөніндегі ұстанымдарына, атап айтқанда, оның ядрролық қарусыздану үдерістеріне жаңа серпін беру жөніндегі ұмтылыстарына қолдау білдірілді. Қазақстан Президентіне ізгі тілектері мен қолдауы үшін алғыс білдіре отырып, Б.Обама Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі дамыту ниетін білдірді.

Бүгін Қазақстан сыртқы саясат ведомствосы басшысының Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу жөніндегі шартты күшіне енгізуге жәрдемдесу жөніндегі конференцияда сөз сөйлеуі, оның БҰҰ-ның ядролық қаусыздану және таратпау жөніндегі жоғары деңгейдегі Қауіпсіздік кеңесі отырысына, сондай-ақ «Ядролық қауіпті қысқарту бастамалары» қоры ұйымдастырған шараларға қатысуы, бірқатар екіжақты кездесулер өткізуі жоспарланып отыр.