ҚР Мемлекеттік хатшысы- Сыртқы істер министрі Қ. Саудабаев Берлинде Германиядағы Қазақстан Жылының жабылу рәсіміне қатысады

АСТАНА. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Желтоқсанның 9-10 күндері ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Германиядағы Қазақстан Жылының жабылу рәсіміне қатысуына байланысты Берлинге сапары өтеді.
None
None

 Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Ресми өкілдің айтуынша, Қ. Саудабаев шара барысында ГФР Вице-канцлері-Сыртқы істер министрі Г. Вестервеллмен, Бундестагтың басшылығымен, ГФР Мемлекеттік хатшысы Г. Вольфпен, ГФР бұрынғы Вице-канцлері Х. Д. Геншермен кездесуі жоспарланған. «Ресми сапар барысындағы жүздесулерде Қазақстан мен Германияның екіжақты ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланатын болады», деді Е. Ашықбаев. 

Соңғы жаңалықтар