Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ҚР Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев АҚШ-қа сапармен барады

АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - 24-26 қаңтар аралығында ҚР Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев АҚШ-қа сапармен барады. Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті.

ҚР Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев АҚШ-қа сапармен барады

Ресми өкілдің айтуына қарағанда, Қ. Саудабаевтың сапар бағдарламасында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонмен, Ақ үйдің бірқатар лауазымды тұлғаларымен, бірқатар көрнекті конгресмендермен, АҚШ-тың экспорттық-сараптамалық және іскерлік орталарының жетекші өкілдерімен кездесу өткізу жоспарланған.

«Келіссөздер барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ Президенті Барак Обама 2010 жылдың сәуірінде Вашингтонда қол жеткізген уағадаластықтарға негізделген екі мемлекет арасындағы стратегиялық әріптестік мәселелері талқыланады деп күтілуде», - деді А. Әбдірахманов.