ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Қытайға ресми сапарын аяқтады

БЕЙЖІҢ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Бүгін түстен кейін ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев өзінің Қытайға ресми сапарын аяқтады.
None
None

Екі күндік сапар аясында Қ.Саудабаевтың қытайлық әріптесі Ян Цзечимен және ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Вэнь Цзябаомен кездесуі болды. Кездесу барысында тараптар Қазақстан-қытай стратегиялық әріптестігінің ең көкейкесті мәселелері, сондай-ақ маңызды халықаралық және аймақтық проблемалар бойынша пікір алмасты.

Қытайлық тарап Қазақстан-Қытай стратегиялық әріптестігінің қарқынды дамуын атады. Мысалы, ҚХР сыртқы істер министрі Ян Цзечи қытайлық тараптың қазақстандық тараппен бірге алдағы уақыттары екі жақты қатынастарды жылжыту мақсатында БҰҰ және ШЫҰ аясында байланыстар мен өзара іс-қимылдарды одан әрі нығайту мақсатында сауда-экономикалық, көліктік және гуманитарлық ынтымақтастықтарды тереңдетудегі екі елдің жасасқан келісімдерін жан-жақты жүзеге асыруға ниет танытатынын мәлімдеді.

Қазақстанның сыртқы істер ведомствосының басшысы сонымен қатар, Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының вице-президенті Ли Янмен кездесті және Қытайдың ғылыми топтарының алдында сөз сөйледі.

Қ.Саудабаев сөзінің соңында Қытайға сапарының қорытындылары барынша табысты және пайдалы болды деп атады. Өйткені екі ел қатынастарының барлық негізігі өлшемдері біздердің мемлекеттеріміздің көшбасшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Ху Цзиньтаоның тұрақты кездесулерінде айқындалған. Одан әрі ҚР СІМ басшысы бұл қатынастардың қарқынына ілесіп отырудың қажеттілігі туралы және ҚХР төрағасының Қазақстанға желтоқсанда жасаған сапарындағы уағдаластықтарды іске асырып үлгеру қажеттілігін атап айтты. «Менің сапарымның мақсаты екі ел көшбасшыларының екі жақты кездесуінде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу жай-күйін қарау болды», - деді Қ.Саудабаев.

Соңғы жаңалықтар