ҚР мен АҚШ Ирак пен Сирияда соғысып жатқан қазақстандықтардың саны туралы ақпаратпен алмасуда - Д.Шир

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирия мен Ирак шегінде, әсіресе Ауғанстанда «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымы белсенділігінің әлеуетті таралуы АҚШ-тың аса алаңдаушылығын тудыруда. Бұл туралы Астанада қазақстандық БАҚ үшін ұйымдастырылған брифингте АҚШ қорғаныс министрінің көмекшісі Дэвид Шир хабарлады.
None
None

Д. Ширдің айтуынша, АҚШ Қазақстанның және өңірдің басқа елдерінің күш ведомстволарындағы әріптестерімен Ирак пен Сириядағы «Ислам мемлекетінің» қызметі туралы, радикалдық экстремистер жағында соғысып жатқан осы елдердің азаматтары жайлы ақпарат алмасады.

«Біз Ауғанстандағы «Ислам мемлекетінің» қызметін жіті бақылап отырмыз. Қазіргі сәтте олар (лаңкестер) жүйелі қауіп төндіріп тұрған жоқ. Ауғанстандағы ИМ мүшелерінің басым бөлігі осы ұйымды қандай да бір себептермен тастап кеткен «Талибан» мүшелері екенін атап өтеміз», - деді Д. Шир.

АҚШ ауғандық қауіпсіздік күштерімен бірлесіп экстремистер Ауғанстан мен Орталық Азияның басқа да елдеріне қауіп әкелмеуі үшін «Ислам мемлекетімен» тиімді күрес жүргізуде. Осы бағытта Қазақстандық тараппен де ынтымақтастықты жалғастырмыз деген сенімдемін», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар