ҚР-ның Малайзиядағы елшісі Д.Сәрекенов елдің Жоғарғы билеушісі Муадзам Шахқа сенім грамотасын тапсырды

АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Малайзиядағы елшісі Данияр Сәрекенов «Истана Негара» корольдік сарайында Малайзияның Жоғарғы билеушісі Туанк Абдул Халим Муадзам Шахқа сенім грамотасын тапсырды.
None
None

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Сенім грамотасын тапсыру рәсімінен кейін Жоғарғы билеушіде аудиенция болды, оның барысында Муадзам Шах Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевқа, Үкіметке және Қазақстан халқына ізгі тілектерін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар