Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ҚР-ның Тәжікстандағы елшілігінде Қазақстан Конституциясының 15 жылдығына арналған ресми қабылдау болды

АСТАНА. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР-ның Тәжікстандағы Елшілігінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған баспасөз мәслихаты және ресми қабылдау болды.

ҚР-ның Тәжікстандағы елшілігінде Қазақстан Конституциясының 15 жылдығына арналған ресми қабылдау болды

Баспасөз мәслихатына Тәжікстан Парламентінің депутаттары, осы республиканың әртүрлі министрліктері мен ведомстволарының, дипломатиялық корпустың, «Тәжікстан-Қазақстан достық қоғамының», «Бәйтерек» қазақ дисаспорасының және басқа да қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері, сондай-ақ ғалымдар, саясаттанушылар, сарапшылар болды.

Қазақстан Республикасының Тәжікстандағы елшісі Әбутәліп Ахметов өз баяндамасында тамыздың 30-ы Қазақстан халқы үшін республикамыз мемлекеттігінің бастауы болғанын атап өтті.

«Бүгінде біз экономикадағы табыстарға, елдегі тұрақтылыққа, ұлтаралық келісімге Конституцияның арқасында қол жеткізгенімізді толық шынайы түрде айта аламыз», - деді ол.