ҚР ОСК Сенат депутаттары сайлауының қорытындысын жариялады

Отырысқа облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссиялары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері БКБ режимінде қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, осы сайлауда баламалылық қағидаты сақталып, кандидаттардың бәсекелестік деңгейі жоғары болды. Орташа есеппен бір орынға 6 адамнан аса үміткерден келді. Осылайша, Республика бойынша Сенат депутаттығына 130 кандидат ұсынылып, 55 кандидат дауысқа түсті. Сенат сайлауында кандидаттардың және депутаттық мандатқа ие болғандардың басым бөлігі өзін-өзі ұсынушылар болды. Бұл – азаматтық қоғамда жеке саяси мүдденің артып келе жатқанының көрінісі. Парламент Сенатының сайланған 20 депутатының 16-сы алғаш рет сенатор болады.
ҚР ОСК Төрағасының орынбасары Константин Петров «2023 жылғы 14 қаңтарда өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарын сайлау қорытындыларын анықтау және жариялау туралы» баяндама жасады. Ол облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының сайлау комиссияларының Парламент Сенаты депутаттарын сайлау жөніндегі дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде сайлау Қазақстан Республикасының 17 облысында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өтті деп танылғанын баяндады. 3167 сайлаушының 2901-і немесе жалпы сайлаушылардың 91,6 пайызы дауыс беруге қатысты.
Дауыс беру қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып сайланды:
Абай облысынан - Қайрат Құлбайұлы Тастекеев, 1967 жылы туған, Құрылыс колледжінің директоры, Семей қаласы;
Ақмола облысынан –Талғат Тұрлыбекұлы Жүнісов, 1963 жылы туған, Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы, Көкшетау.
Ақтөбе облысынан – Амангелді Шайхуллұлы Нугманов, 1967 жылы туған, Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы, Ақтөбе.
Алматы облысынан – Жанболат Ақебайұлы Жөргенбаев, 1960 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Алматы облысы Қаскелең қаласы;
Атырау облысынан – Әлібек Ибатуллиұлы Наутиев, 1963 жылы туған, Атырау облыстық мәслихатының хатшысы, Атырау қаласы;
Шығыс Қазақстан облысынан – Шәкәрім Сабырұлы Буктугутов, 1961 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Өскемен қаласы;
Жамбыл облысынан - Сәкен Қаланұлы Арубаев, 1976 жылы туған, Жамбыл облысы Шу ауданының әкімі;
Жетісу облысынан - Амангелді Ғабділкәрімұлы Толамисов, 1977 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Талдықорған қаласы;
Батыс Қазақстан облысынан – Арман Кәрімұлы Өтеғұлов, 1964 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Орал қаласы;
Қарағанды облысынан - Серік Балғатайұлы Өтешов, 1963 жылы туған, Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы, Қарағанды қ.;
Қостанай облысынан - Гауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов, 1968 жылы туған, Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары, Қостанай қ.;
Қызылорда облысынан - Руслан Рүстемов, 1968 жылы туған, Қызылорда облысы мәдениет және спорт басқармасының басшысы, Қызылорда қаласы;
Маңғыстау облысынан - Бекбол Тілеумұратұлы Орынбасаров, 1971 жылы туған, Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары, Ақтау қаласы;
Павлодар облысынан - Ернұр Нұрмұханұлы Айткенов, 1965 жылы туған, Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы, Павлодар қ.;
Солтүстік Қазақстан облысынан - Гүлмира Раинбекқызы Кәрімова, 1977 жылы туған, Қазақстан Республикасы Білім Министрлігі орта білім Комитетінің төрағасы, Петропавл қ.;
Түркістан облысынан - Мұрат Болатұлы Қадырбек, 1980 жылы туған, Түркістан облысы Жетісай қ. Жетісай ауданының әкімі;
Ұлытау облысынан - Советбек Тұрсынұлы Медебаев,1965 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Ұлытау облысы Ұлытау ауылы;
Астана қаласынан –Бибігүл Нұрғалиқызы Жексенбай, 1971 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі, Астана қаласы;
Алматы қаласынан - Жанна Бейсентайқызы Асанова, 1975 жылы туған, «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі, Алматы қаласы;
Шымкент қаласынан - Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров, 1964 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Шымкент қаласы.
Сайланған 20 депутаттың ішінде: 3 әйел, 17 ер адам. Орташа жасы - 53,8 жас.
Сонымен қатар, 2023 жылғы 14 қаңтарда таңдаушылардың бірлескен отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 2020 жылғы 12 тамызда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілеттік мерзіміне шығып қалған депутаттың орнына Астана қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып Лукин Андрей Иванович сайланды, 1961 жылы туған.
Дауыс беру, сондай-ақ басқа да сайлау рәсімдері сайлау заңнамасының нормаларына сәйкес өтті. Дауыс беру күні сайлау процесіне қатысушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және басқа да ниет білдірушілер Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсының қосымша функционалы арқылы таңдаушылардың келуі мен дауыс берудің алдын ала қорытындылары туралы ақпаратқа онлайн режимде қол жеткізе алды.
Дауыс беру күні сайлау рәсімдерін кандидаттардың сенім білдірген адамдары, саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың байқаушылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері байқады, барлығы 235 адам қатысты.
Отырыс қорытындысы бойынша бақ үшін брифинг өтті.
Фото: election.gov.kz