ҚР ОСК төрағасы Үндістанда Азиялық сайлау органдары қауымдастығы Атқарушы комитетінің отырысына қатысуда

Бұл туралы ОСК-ның баспасөз қызметінен мәлім етті.
АСОҚ Атқарушы комитетінің мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы 1998 жылы құрылған және азиялық елдердің сайлау органдары арасындағы ынтымақтастықты тереңдету, ақпарат пен тәжірибе алмасу, сайлауларды байқауға қатысу, сайлауға әкімшілік ету сұрақтары бойынша консультациялар өткізу арқылы Азиядағы демократиялық процестерді тереңдетуге ықпа етуді көздейтін Қауымдастықтың қызметіне белсене қатысып келеді.
Қазақстан Республикасынан басқа, АСОҚ Атқарушы комитетіне Корея, Үндістан, Тайвань және Филиппин Республикалары мүше болып табылады. Атқарушы комитеттің құрамы тең географиялық өкілдік ұстанымы негізінде қалыптастырылады. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Орталық Азия өңірінен өкіл ретінде сайланған.
Атқарушы комитеттің Нью-Делиде ашылған отырысы Бас Ассамблея мен АСОҚ-ның қызметіне қатысты көптеген маңызды сұрақтарды талқылауды және шешімдер қабылдауды мақсат тұтады. Сондай-ақ отырыстың күн тәртібі бірқатар ұйымдастыру сұрақтарын қамтиды,, соның ішінде АСОҚ-ның Атқарушы хатшысын тағайындау, Атқарушы комитеттің 2013 жылғы кезекті отырысын қабылдайтын елді анықтау, Ассоциацияның хатшылығын құру және оны тұрақты жерде орналастыру мәселелерін қарау. Сонымен қатар АСОҚ-ның веб-сайтын ашу және АСОқ-ға мүше елдер арасындағы ақпарат алмасуды күшейту жолдарын іздестіру көзделуде.
Қазақстандық делегация АСОҚ-ның Атқарушы комитетінің мәжілісіне осы халықаралық ұйымның қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған нақтылы ұсыныстармен барды, олар туралы Қ.Тұрғанқұлов өз баяндамасында айтатын болады.