Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы О. Мұхамеджанов Иран Ислам Республикасының Президенті М. Ахмединежадпен кездесті

АСТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін елордада ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов елімізде ресми сапармен жүрген Иран Ислам Республикасының Президенті Махмұд Ахмадинежадпен кездесті,

ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы О. Мұхамеджанов  Иран Ислам Республикасының Президенті М. Ахмединежадпен кездесті
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазіргі таңда Қазақстан мен Иран екіжақты және көпжақты форматтағы даму ынтымақтастығын тереңдете түсуге мүдделі болып отыр. Ондай мүдделілікті арттыруға Сіздің Қазақстанға жасап отырған сапарыңыз серпін береді деп ойлаймын. Оның үстіне ғаламдық проблемалар бойынша Қазақстан мен Иранның ұстанымы басым жағдайда бір арнаға тоғысады. Сондықтан да алдағы уақытта мәдени-гуманитарлық, сауда-экономикалық байланыстардың тереңдейтініне, сапарыңыз барысында қол жеткен келісімдер өз деңгейінде орындалатынына сенімдімін. Бұны орындау бағытында заң шығарушы органның да алатын орны зор. Сол үшін де бүгінгі кездесуге Мәжілістің Иран Парламентімен ынтымақтастық жөніндегі топ депутаттары да қатысып отыр», - деді Мәжіліс Төрағасы О. Мұхамеджанов. Өз кезегінде ыстық ықыласпен қарсы алғаны үшін мемлекет басшылығы мен халқына алғысын жолдаған мәртебелі мейман, қазіргі жағдай екі мемлекеттің өңірлік және бауырластық жақындай түсуін талап ететінін жеткізді. «Сапар аясында Қазақстан Президентімен жемісті келіссөздерге қол жеткізілді деп ойлаймын әрі ондай келісімдердің іс жүзіне асатынына да күмәнім жоқ. Сонымен бірге, ҚР Парламенті Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың мемлекеттік байланыстарды арттыра түсудегі кеңесшісі бола алатынына сенімдімін. Біз заң шығарушы органдар арасындағы өзара қарым қатынастың тиісті деңгейде болуына тілекшіміз», - деді М. Ахмадинежад.