ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 3 қыркүйекте өтеді - Мәжіліс төрағасының өкімі
АСТАНА. 24 тамыз. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин «Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының біріккен отырысын шақыру туралы» өкіміне қол қойды, деп хабарлайды ресми БАҚ.
ҚР Парламент Мәжілісінің 2012 жылғы 23 тамыздағы өкімі
Қазақстан Республикасы Парламент Палаталарының біріккен отырысын шақыру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2012 жылғы 3 қыркүйекте сағат 11-де Астана қаласында шақырылсын.
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің төрағасы Н.Нығматулин