ҚР Парламенттік делегациясы Берлинде ГФР-мен «Аграрлық-саяси диалогты» жүзеге асыру мәселелерін талқылады

АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат - 23-27 маусым аралығында ҚР Парламенті Мәжілісінің аграрлық мәселелер бойынша комитетінің төрағасы Ромин Мадиновтің төрағалығымен  ҚР парламенттік делегациясының жұмыс сапары өтті.
None
None

ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапардың басты мақсаты - 2009 жылғы қаңтарда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы Аграрлық-саяси диалогты жүзеге асыруда парламентаралық байланыстарды кеңейту болды.

Берлин қаласына сапар ауқымында делегация «Германия - Орталық Азия»  парламенттік тобының мүшелері - Бундестаг депутаттарымен кездесіп, ҚР Парламент Мәжілісінің және герман Бундестагының аграрлық комитеттерінің бірлескен отырысына қатысты, сонымен қатар, ГФР ауыл шаруашылығы және тұтынушылар құқықтарын қорғау министрі Ильзе Айгнермен және ГФР азық-түлік, ауыл шаруашылығы және тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша федералдық министрлігінің статс-хатшысы Петер Блейзермен кездесулер өткізді.

Кездесу барысында И.Айгнер ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіп кешені салаларындағы, әсіресе, Қазақстанда 2011 жылы ашылған Неміс аграрлық орталығының негізіндегі бірлескен жобаларды жүзеге асыру тұрғысында   Қазақстан мен Германияның жемісті ынтымақтастығын атап өтті.

Қазақстандық делегациясының басшысы Р.Мадинов, өз кезегінде ҚР-да жүзеге асырылып жатқан 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша ұзақ мерзімді бағдарламасының негізгі басымдылықтарымен таныстырып, неміс тарапын ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіптік машина жасау салаларында белсенді ынтымақтастыққа шақырды.

Делегация сапарының бағдарламасында қазақстандық парламентшілерге ағашты қайта өндеу және орман мен балық шаруашылығын үйлестіріп басқаруда неміс кәсіпорындарының тәжірибелерімен танысуға мүмкіндік беретін Орман экологиясы, түгендеу және балық шаруашылығы институтына бару да көзделген. Сонымен қатар, делегация «Gut Kerkow» және «Gozlow GmbH» неміс фермер шаруашылықтарына барып шықты, мұнда делегация етті ірі қара малды өсіру тәжірибесімен  сонымен қатар, астық дақылдарды өндірумен танысты.

ҚР және ГФР Парламенттерінің Аграрлық комитеттері басшылықтарының бірлескен отырысы шеңберінде екі жақ мемлекеттердің салалық ынтымақтастықтың манызды мәселелерін талқылады. Отырыстың қорытындысы бойынша ҚР ауыл шаруашылық және аграрлық-өнеркәсіптік салаларын дамыту үшін парламентаралық және ведомствоаралық ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік беретін меморандумға қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар