ҚР Премьер-Министрі Беларусь Президентінің ТМД мүше-елдері делегацияларының басшыларымен болған кездесуіне қатысты

АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Минскіге жұмыс сапары аясында Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенконың ТМД елдері делегациялары басшыларымен болған кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Үкімет басшысының ресми сайтынан.

ҚР Премьер-Министрі Беларусь Президентінің ТМД мүше-елдері делегацияларының басшыларымен болған кездесуіне қатысты

Кездесуге қатысқандар алдағы ТМД елдері Үкіметтері басшылары Кеңесінің күн тәртібін талқылады, сондай-ақ экономикалық интеграцияның өзекті мәселелері және Достастық елдерінің өзара іс-қимылы бойынша пікір алмасты.

«Біздің Достастық ТМД-да мейлінше маңызды болып саналады»,- деген А.Лукашенко, «ТМД ең ауқымды мәселелер бойынша диалог жүргізетін алаң болып табылады, ал экономика оның тұғырын нығайту қызметін атқарады», - деп атап көрсетті.

С.Ахметовтің ТМД елдері Үкімет басшылары Кеңесінің отырысына қатысу үшін Минск қаласына барғанын естеріңізге салайық.