ҚР Премьер-Министрі Беларусь үкіметінің жаңа құрамын тағайындалуымен құттықтады
МИНСК. 15 наурыз. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Беларус үкіметінің жаңа құрамын тағайындалуымен құттықтады.
«Мен ең алдымен Сізді және Үкімет мүшелерін Сіздерге сеніп тапсырылған жоғары тағайындалумен құттықтаймын. Сіздер енді Беларусь Үкіметін басқарасыздар. Біз осы тұрғыда сіздермен алғаш рет кездесіп отырмыз», - деді К.Мәсімов беларусьтық әріптесі Михаил Мясниковичпен өткен кездесуі барысында.
К.Мәсімовтің пікірінше, екі елдің президенттері орнатқан Қазақстан мен Беларус арасындағы ынтымақтастық дамуын жалғастырады.