ҚР Премьер-Министрі БҰҰ өкілдерімен кездесті

АСТАНА. 23 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов VI Астана экономикалық форумының жұмысына қатысып жатқан Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) өкілдерімен кездесулер өткізді.

ҚР Премьер-Министрі БҰҰ өкілдерімен кездесті

Бұл туралы Үкімет басшысының ресми сайтынан хабарланды.

БҰҰ Бас Ассамблеясының Президенті Вук Еремичпен әңгімелесу барысында халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.

Екіжақты қарым-қатынас перспективалары Серік Ахметовтің БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департамент басшысы У Хунбомен, БҰҰ Еуропа экономикалық комиссиясының Атқарушы хатшысы Свен Алкалаймен, БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесі Президенті Нестор Осориомен кездесуде талқыланды.