ҚР Премьер-Министрі «ЭКСПО-2010» ресми ашылу салтанатына қатысады
Қытай басшылығының мәлімдеуінше, ЭКСПО - Бейжіңдегі 2008 жылғы Олимпиада ойындарынан кейінгі маңызды халықаралық оқиғалардың бірі. Шанхай қаласы өкімет орындары өкілдерінің айтуынша, ЭКСПО-2010 көрмесіне тікелей мемлекеттік және жеке инвестицялар 4,2 млрд. АҚШ долларын құраған.
Белгілі болғандай, ЭКСПО-2010 ашылу салтанатында лазерлік және электр-акустикалық технологиялар пайдаланылып, отшашу жасалады.
Мамырдың 1-інде ЭКСПО-парктің ашылу салтанаты болады. Салтанатта Халықаралық көрме бюросы мен ҚХР басшылары сөз сөйлеп, бірге көрме сөресінің түймесін басады.
Шанхай арқылы өтетін Хуанпу өзенінің қос жағалауында салынған ЭКСПО-парктің ауданы 5,28 мың шаршы километр. ЭКСПО-2010 аумағында 140-қа тарта әртүрлі павильондар орналасқан. Олардың арасында 42 елдің өз павильондары бар, сонша павильон жалға берілген, 11 бірлескен және 18 корпорациялар павильондары бар.
ЭКСПО-2010 өткізу кезеңінде онда 70 млн. қытайлық және шетелдік туристер болмақ, күніне орташа есеппен 400 мың адам болады деп күтілуде.